Жамбыл облысының оңтүстігінде қызғалдақтар гүлдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысының оңтүстігінде қызғалдақтар гүлдеді

01.03.2022

Жамбыл облысының оңтүстігінде қызғалдақтар гүлдей бастады. Аймақта ақпан айының соңғы күндері ауа райы жылы болды. Сондықтан болар, әсіресе, Жуалы ауданының таулы беткейінде алғашқы қызғалдақтар бүр жарып, жайқалып тұр. Гүлдің бұл түрі Берікқара қорығы аумағында көптеп өседі. Алдағы уақытта облыс бойынша сирек кездесетін өсімдік түрлерін іздеуге арналған экспедиция жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу