Қазақстанда «Алпагут» деп аталатын спорт түрі пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда «Алпагут» деп аталатын спорт түрі пайда болды

04.10.2018

Қазақстанда «Алпагут» деп аталатын спорт түрі пайда болды. Қазақша «алып жауынгер» деген мағынаны білдіреді. Түркі халықтарына ортақ саналатын «Алпагуттың» халықаралық федерациясы бар. Оның бір бөлімшесі Астанада ресми түрде ашылды. «Алпагут» жауынгерлік жекпе-жегі бұған дейін Әзірбайжанда өткізіліпті. Алдағы уақытта оны қазақ елінде ұйымдастыру жоспарлануда. Әрине, демеушілердің көмегі арқылы. Аталмыш спорт түрі жекпе-жек өнерінің бірнеше түрін қамтиды. Ең бастысы, түркі тілдес халықтардың бірлігі мен ынтымақтастығын арттырады деген сенім мол.   

Ынтымақ Құлтасов, «Алпагут» халықаралық федерациясының бас хатшысы:

- Жекпе-жектің төрт түрі бар. Олар: Айпара, батур, жаймаз, күрес. Айпара каратэ түрі. Жаймаз деген К1 түріне келеді. Батур деген ММА түріне келеді. Одан кейін күрес.

 

Ербол МӘНДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу