Еліміздегі 7600 мектептің тек 2377-і бейнебақылау камераларымен жабдықталған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі 7600 мектептің тек 2377-і бейнебақылау камераларымен жабдықталған

17.07.2015
Еліміздегі 7600 мектептің тек 2377-і  бейнебақылау камераларымен жабдықталған

Бала құқығының бұзылу фактілері қазір еліміз бойынша Оңтүстік Қазақстан облысында өршіп тұр.

Бұған Білім және ғылым министрлігі алаңдаулы.

Бүгін Балалар құқығын қорғау комитетінің өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде осыған қатысты брифинг өткізіп, өңірлер бойынша бала қауіпсіздігінің алдын алу шаралары жүзеге асып жатқандығын жеткізді.

7 айдың ішінде комитет бала құқығының бұзылуына қатысты төрт мыңға жуық арыз-шағым қабылдаған. Дені - ата-аналардың ажырасуы барысында ортадағы баланы бөлісе алмауымен байланысты. Енді бірі мектептегі педагогтардың ерсі қылықтарына қатысты.

Қазір еліміз бойынша 7600 білім ордасы бар. Бүгінде оның 2377-і бейнебақылау камераларымен жабдықталып, 2074-де полиция инспекторлары қызмет етуде. Бұл білім ордаларының 25 пайызының ғана бақылауда екендігін білдіреді.

 

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу