Басты Жаңалықтар Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылында туристік кешен салынуда

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылында туристік кешен салынуда

Шығыс Қазақстан облысындағы Үржар ауылында туристік кешен салынуда

Шығыс Қазақстандағы Үржар ауылында көпатқарымды туристік кешен құрылысы басталды.  Ол үшін елді мекеннің кіре берісінен 9 гектардан астам жер телімі бөлінген.

Мамандардың айтуынша, кешенде заманауи сауда орындары, мейрамхана, қонақ үй мен автосервис қызметтері орналастырылады.

Жобаның жалпы құны - 1 миллиард 250 миллион теңге.

Алакөлдің іргесінде орналасқандықтан, Үржар ауданына алыс-жақын шетелден келіп демалатындар өте көп. Сондықтан, туристерге қолайлы жағдай жасап, келушілер санының арта түсуіне көпатқарымды кешен көп септігін тигізбек. 

 

Ержан ЖАҚЫП

Бөлісу