Бүгін Алматыда су құбыры жарылды. Сейфуллин және Тобаяқов көшелерінің қиылысындағы кесілген құбырдан аққан су қала тұрғындарын әбден әбігерге салды.
Атқылаған ыстық су көлік қозғалысына да қиындық туғызды. Жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерді де жолынан қалдырды.
«Алматы жылу холдингі» Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны ресми өкілінің айтуынша, жылу магистралі қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін жабылған. Ал, оқиға суды ағытатын арнайы бекіткіштің жұмысы бұзылғандықтан болған.
Магистраль қысқа дейін жөнделіп, пайдалануға берілмек.
Амангелді СЕЙІТХАН