Рудный қаласында құбыр жарылып, 83 үй жылудан ажыратылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рудный қаласында құбыр жарылып, 83 үй жылудан ажыратылды

09.02.2023

Қостанай облысының Рудный қаласында бүгін тағы жылу құбыры жарылды. Мамандардың айтуынша, апат бұған дейін де ақау шыққан жерде болған. Соның салдарынан 24 көпқабатты, 59 жеке сектордағы тұрғын үйлерден басқа да 17 нысан жылудан ажыратылды. Қазіргі уақытта апат орны анықталып, сыртқа аққан су құрғатылған. Жөндеу жүріп жатыр. Егер тағы да басқа қиындықтар туындамаса жылу беру көп ұзамай қалпына келтірілуі тиіс. Рудный қаласында 1 қазаннан бері инженерлік желілер осымен 74-ші рет жарылып отыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу