Қостанай облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы табыс көзін тапқандар қатары артуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы табыс көзін тапқандар қатары артуда

30.06.2015
Қостанай облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы табыс көзін тапқандар қатары артуда

Қостанай облысының Қарабалық ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында жұмысқа орналасып, табыс көзін тапқандардың қатары жыл сайын көбейіп келеді. 

Әсіресе, шағын несие алып, жеке кәсібін ашып жатқандар көп. Олардың көбі атакәсіп - мал шаруашылығымен айналысуда.  

Бағдарлама басталғалы аудан бойынша 49 адам шағын несие алған. Оларға берілген қаражаттың жалпы көлемі - 90 миллион 800 мың теңге.

Биыл барлығы 34 миллион теңгеге 18 адам өтініш берген.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК 

Хабарламаларға жазылу