Атырау облысында кәсіпкерлер қатары артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында кәсіпкерлер қатары артып келеді

26.09.2014
Атырау облысында кәсіпкерлер қатары артып келеді

Атырауда «Жұмыспен қамту – 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсібін ашқандар қатары жыл санап артуда.

Мәселен, 2011 жылы бұл бағдарлама бойынша 89 адам 212 миллион теңге көлемінде несие алса, 2013 жылы несие алушылар қатары 12 есе өсіп, оларға 2 миллиард 165 миллион теңге бөлінді.

Бұл бағдарламаның жүзеге асырылғанына 4 жыл болды. Осы уақыт ішінде 1691 кәсіпкерге 4 миллиард 32 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді.

Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу