Бүгін – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

28.06.2015
Бүгін – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі

Маусымның 28-і яғни, бүгін – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Осыған орай жылдағы дәстүр бойынша Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова үздік журналистерге Президенттің сыйлықтары мен гранттарын тапсырды.

Салтанатты жиында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылу барысын белсенді жариялап көрсеткені және отандық ақпарат кеңістігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Президенттің Алғыс хатымен марапатталды.

Ал, Президент сыйлығын «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы Жанболат Аупбаев пен «Экспресс-К» газетінің бас директоры, марқұм Алексей Пан алды. Президент гранты «Арша» медиа-студиясының продюсері Зарина Есекеева мен «Хабар» телеарнасының бас продюсері Ринат Кертаевқа тапсырылды.

Сонымен қатар, еліміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріндегі өзгерістеріне қалам тартып жүрген бір топ тілшілер «Нұр Отан» партиясының «Нұр-Сұңқар» жүлдесімен марапатталды.

9 аталым бойынша үздіктерді анықтаған байқауда біздің әріптесіміз, өздеріңіз көріп отырған «Apta.kz» бағдарламасының жетекшісі Еркін Таңатқанұлы да бар.

Әсем ИЗАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу