2014 жылы Қызылорда облысында 467 пәтер пайдалануға берілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2014 жылы Қызылорда облысында 467 пәтер пайдалануға берілген

24.06.2015
2014 жылы Қызылорда облысында 467 пәтер пайдалануға берілген

Алғашқы баспасөз мәслихаты «Өңірдегі тұрғын үй құрылысының қарқыны» тақырыбында өтті. 

Облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаев мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы туралы баяндады. Өткен жылы 39 мың шаршы метрді құрайтын 467 пәтер пайдалануға берілген. Ал, биыл 2090 отбасы қоныс тойын тойлайды.

Көпқабатты тұрғын үй салуда жеке кәсіпкерлер де белсенділік танытуда. Қазір жеке құрылыс компаниялар қаражаты есебінен 5 үй салынып жатыр.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық тұрғын үйлердің инфрақұрылымы шешілетін болады.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу