«Өнегелі отбасы- елдің тұтқасы!». Аймақтарда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Тәлім-тәрбиенің мәйегі, берекесі мен бірлігі бекем жанұялар лайықты құрметтелді.
Жамбыл облысында байқауға өтініш білдірген 175 отбасының 22-і қатысты. Олардың арасынан Молдажановтар мен Молдабаевтар отбасы озық шықты.
Атырау облысында Аймұрзаевтар мен Қанатбаевтардың бағы жанды. Жеңімпаздарға Алматы қаласындағы «Қазақстан» шипажайына отбасылық жолдама табысталды.
Бас қаладағы ең үлгілі әулет - Елеусіновтер отбасы. Ал, республика бойынша жеңімпаз жанұя 2 қыркүйекте анықталмақ.
Нұргүл САҒИТҚЫЗЫ