Қиын-қыстау кезде жетім қалған бес жасар бүлдіршінді-атасы бауырына басып, туған қызындай көрді. Алайда қамқоршысынан ерте айырылды. 1937 жылы Ұзақбай Құлымбетовты «халық жауы» деп ұстап әкетеді.
Содан бері қаршадай қыз қиындықтың құрсауына түскен. Халық жауының қызы деп үнемі шеттетіле берді. Тек, 1993 жылы—арада жарты ғасырдан астам уақыт өткенде Елбасы жарлығымен Алаш ардақтылары толық ақталды.