Соғыста әскери тұтқынға түскендерді ақтау ісі жүргізіліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соғыста әскери тұтқынға түскендерді ақтау ісі жүргізіліп жатыр

27.10.2021

Соғыстың алғашқы 5 айында 4 млнға жуық кеңес әскері фашистердің қолына түсті. Тұтқындағы 128 мыңнан аса қазақтың 80 мыңы қаза тапты. Бұл - ғалымдардың шамамен анықтаған ақпары ғана. Сталиндік режим олардың ақ-қарасын ажыратпай-ақ, отанын сатқандар санатына қосты. Ал саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия ақиқатты ашпақшы. 1939-1945 жылдары фашистік Германия, Финляндия және басқа да Еуропа елдерінде қамалғандар мен «Түрік легионында» тұтқындалағандар туралы нақты дерек жиналып жатыр.

Сабыр Қасымов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі:

Соғыс басталған соң 1 жұманың ішінде Сталиннің указаниесімен НКВД, прокуратура СССР дейміз, солар приказ шығарған. Ол приказад тұтқынға түскен совет жауынгерлер халық жауы деп айтылған. Не үшін түскен? Оған қалай түсті? Не себеп болды? Соның бәрін зерттемей.

Тұтқынға түскендердің отбасы мүшелері мен туыстары да қудаланды. Ұзақ жылдар бойы майдан құрбандары мен қамауда болғандар туралы мәлімет көрсетілмей келді. Бірақ шет елдік сарапшылар және ресейлік прогресшіл ғалымдардың сөзінше КСРО-ның саяси басшылығының кінәсінен талай адамның өмірі ойыншыққа айналды. Мысалы, фашистік түрмелерден босап шыққаннан кейін де советтік ішкі істер министрлігінің сүзгісінен өтті. Олар шахта сияқты ауыр жұмыстарға жегілді. Бірақ, кінәсіз екенін дәлелдей алмады. Мемлекеттік жеңілдіктерден жұрдай етілді.

Нұртаза Асылов, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі:

Бұл материалдардың бәрі кезінде жабық архивтерде сақталған. 90 жылдарға дейін де бұл материалдар баспасөз парақтарында да көп айтыла бермеген. Біздің атқарып жатқан жұмысымыз нағыз архивтік материалдарға сүйеніп, бұл ақтаңдақ мәселені елге жеткізу.


Хабарламаларға жазылу