«Заңсыз келуші - 2015» шарасы барысында елден 1700 адам шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Заңсыз келуші - 2015» шарасы барысында елден 1700 адам шығарылды

29.05.2015
«Заңсыз келуші - 2015»  шарасы барысында елден 1700 адам шығарылды

ҚР Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған «Заңсыз келуші - 2015»  іс-шарасының нәтижесіне сәйкес, елімізден 1700-ге жуық адам шығарылды.

Өзге елден келген 7859 адамға мемлекетте болу мерзімі қысқартылды. Іздестіруде жүрген 84 азамат ұсталған. Оның 13-і - ТМД елдерінен. 

Ал, шетелдік жұмыс күшін тарту және пайдалану ережелерін бұзғаны үшін 571 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.      

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

 

Хабарламаларға жазылу