БҚО-да көші-қон заңын бұзған 445 шетелдік жауапқа тартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да көші-қон заңын бұзған 445 шетелдік жауапқа тартылды

26.09.2018

Батыс Қазақстанда көші-қон заңын бұзған 445 шетелдік жауапқа тартылды. Оған қоса, шекара аумағында тәртіпсіздік жасағаны үшін 26 адам жазаға ілікті. Бұдан бөлек, елге шақырылған шетелдіктердің ережені елемегені үшін оларға жауапты 111 қазақстандық айыппұл төледі. Өзге ел азаматтарын заңсыз қызметке тартқан 24 жұмыс беруші жазаланды. Тәртіп бұзушылықтар «Жасырын көші-қон - 2018» шарасы кезінде анықталды.

Кәмшат Рахым, БҚО ІІД Баспасөз қызметінің инспекторы:

- Облыстық Ішкі істер департаментінің қабылдау-тарату орнына құжатсыз жүрген 7 шетелдік қамауға алынды. Сот шешімімен 49 адам елден шығарылды. Оның ішінде азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен 11 адам шығарылды. Сондай-ақ, елден тысқары шығарып жіберу туралы шешімді орындамаудың 7, мемлекеттік шекараны заңсыз кесудің 2 дерегі анықталды.

 

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу