СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 51 шетел азаматы елден шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзған 51 шетел азаматы елден шығарылды

24.07.2019

Биыл теріскейде көші-қон заңын бұзған 1217 адам ұсталып, жауапқа тартылды. Оларға түрлі деңгейде айыппұл салынды. Ал 51 азамат елден шығарылды. Бұған қоса, көршілес мемлекеттен келгендерді жұмысқа алған жергілікті 56 адамға 10 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды.

Өңірде жүргізіліп жатқан «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңды бұзатындардың көбі Өзбекстан азаматтары екені анықталды. Тек бір күнде ғана 100-ден астам тәртіп бұзушы анықталған. «Осыған дейін де ұсталып, мемлекет аумағына кіруге тыйым салынса да, жұмыс іздеп келушілер азамай тұр», - дейді полицейлер.

Сәбит Жүсіпов, СҚО ПД Көші-қон қызметінің инспекторы:

Өзбектан азаматы Қазақстан Республикасының шекара пунктін айналып өткендігі анықталды. Бұл азамат бұрын ұсталып, елден шығарылған. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу