Мұрағат биыл «ІІ Дүниежүзілік соғыстағы қазақстандық тұтқындар» атты жобаны қолға алған. Жоба аясында ғылыми кеңес құрылған. Кеңес құрамына елдегі белді тарихшылар мен ғалымдар кірген. Жуырда соғыс жылдары тұтқындалған қазақстандықтардың ортақ базасы іске қосылған.
«Арманда кеткен боздақтардың есімін анықтап, енгізіп, есімдерін тарихта қалдыру үшін біз осындай ғылыми ізденістерді бастаған болатынбыз биыл. Қазір tutkyn.kz деген портал жұмыс істеуде», - дейді ҚР Президенті мұрағатының директоры Борис Жапаров.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ