«Отар» әскери базасында «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Отар» әскери базасында «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау басталды

17.08.2015
«Отар» әскери базасында «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау басталды

Бүгін Жамбыл облысына қарасты «Отар» 40-шы әскери базасында әскери қызметшілер арасындағы «Достастық жауынгері» атты халықаралық байқау басталды.

Байқауды Жеңістің 70 жылдығына орай ТМД елдері Қорғаныс министрлері кеңесінің шешімімен 2015 жылдың 17-20 тамызы аралығында өткізу белгіленді.  

Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Қарулы Күштерінің сарбаздары мен сержанттары арасындағы сында шеберлігі барынша шыңдалған әскери қызметшілер анықталатын болады.

Алты елдің әскери қызметшілері әскери қорғаныс жиынтығын киюден, суық қару лақтырудан, атыстан, дене даярлығынан машықтанған дағдыларын көрсетеді, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, қатысушылар ІІ Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік жауынгерлердің даңқты ерлігі мен әскери айбыны, ТМД елдері арасындағы әскери дәстүрлер, халықаралық гуманитарлық құқық нормалары туралы білімдерін көрсетеді. 

Хабарламаларға жазылу