Бүгін Астанада Десант күні аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада Десант күні аталып өтті

02.08.2014
Бүгін Астанада Десант күні аталып өтті

Бүгін Астанада Десант күні аталып өтті. Айта кетерлігі, ІІ Дүниежүзілік соғысы мен Ауғанстандағы шабуылдарда десанттар алдыңғы қатарда болды.

Мерекелік жиында аэромобильді әскер қызметкерлері мен соғыс ардагерлері кездесіп, Отан қорғаушылар мен Ауған соғысында қаза тапқан әскери жауынгерлерді еске алып, ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды.

Мақсат - соғыс жылдарындағы батырлар ерлігін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Индира БЕГАЙДАР

 

Хабарламаларға жазылу