Қазір, торап арқылы секундына 1220 куб су өтуде. Бұл кешегі күнмен салыстырғанда біршама аз. «Дейтұрғанмен, босаңсуға ерте», - дейді Ислам Әбішев. Үлкен судың екінші толқыны алдағы күндері келеді деп жоспарлануда.
Дамбыны көтеру жұмыстары жүруде. Нұра өзенінің бойында 150-ден астам техника күні түні жұмыс істеуде. Әртүрлі нысандарды сақтау үшін 1 мыңнан астам адам жұмылдырылған.
Бақытжан Сағынтаевқа Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов атқарылған шаруалар жайлы есеп берді. Нұра өзенінің суы арнасынан асады деген қауіп бар.
Апаттың алдын алуға барлық күш жұмылдырылған. Өзенге жақын орналасқан Қосшы, Ильинка елді мекендерінің тұрғындары ескертілген.
Ғабит БӨКЕНБАЙҰЛЫ