Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен мектептер толық жөнделді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мақтааралдағы тасқын судан зардап шеккен мектептер толық жөнделді

02.09.2020

Көктемде Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының жарылуынан суда қалып жарамсыз күйге түскен Мақтарал ауданындағы мыңнан астам балаға лайықталған екі мектеп қайта жөнделді. Білім ордаларындағы тұрмысы төмен отбасының балалары компьютерлік техника және планшеттермен қамтамасыз етілді. 

Сондай-ақ мектептер интернет жүйесімен қамтылған. Жалпы, республикалық резервтен бөлінген қаражатқа Мақтаарал ауданындағы оқушылар үшін 5 мыңға жуық компьютерлік техника таратылады.

Ғани Қалмахан

Хабарламаларға жазылу