Тараз қаласының тұрғындары тал көшеттерін отырғызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тараз қаласының тұрғындары тал көшеттерін отырғызды

14.03.2015
Тараз қаласының тұрғындары тал көшеттерін отырғызды

«Атадан мал қалғанша тал қалсын». «Бір тал кессең он тал ек». Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз қаласының үш мыңға жуық тұрғыны табиғат аясына шығып, тал көшеттерін отырғызды. Аулаларды абаттандырып, саябақтарды күл-қоқыстардан тазартты.

Бұл күні студенттер де алдағы мейрамға дайындықты ағаштың жас көшеттерін отырғызудан бастады. Наурыз меркесінің дәстүрінен тағылым алған жастар бұл тірлікке ұлттық киіммен шығуды жөн санапты.

Қала халқы да қарап қалмай тал көшеттерін ұстап көшеге шықты. Облыс әкімі бастап жалынды жастар қоштаған бір қауым жұрт бес мыңнан аса ағаш көшеттерін отырғызды. «Туған өлкені жасыл желекке орап, тал дарағы сыңсыған саялы саябақтарды келешек ұрпаққа қалдыру парызымыз»,-дейді тұрғындар.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ

Хабарламаларға жазылу