Түркістан облысында көне ескерткіштер мен кесенелердің аумағы тазартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында көне ескерткіштер мен кесенелердің аумағы тазартылды

22.04.2024

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында, кесенелер мен көне ескерткіш нысандарының аумағы тазартылып жатыр. «Киелі мекен» шарасы барысында, Түлкібас ауданының тұрғындары «Түркібасы әулие» сияқты зиярат ететін орындарды қоқыстан тазартып, сәнді ағаш көшеттерін отырғызды. Туристер мен зиярат етіп келетіндерге жағдай жасау үшін орындықтарды сырлап, талдардың түбін ретке келтірді. Бұдан бөлек, түлкібастықтар аудан аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізінің бойын тазалады.

Жұрат Анаров, Азаттық ауылының тұрғыны:

Ауданымыздың ең жақсы, ең таза өңіріне айналдыруға тырысамыз өзіміздің ауылдық округімізді. Киелі жерлерді таза ұстау, үйдің алдын, есіктің алды, ауланың бәрін таза ұстауды ұрпақтан ұрпаққа өтуіне негізі біз үлгі болып көрсетуіміз керек.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу