«Бірлік» саяси партиясы қоғамдық бірлестігі 26 сәуірде өтетін сайлауға қатысу үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасының ұсынылуын қолдайды.
Мәлімдеме партия делегаттарымен бірауыздан қабылданды.
«Қазақстан өзінің алдына экономиканың сапалық өсуіне қол жеткізу және әлемнің бәсекеге ең қабілетті 30 елінің қатарына кіру жөніндегі мақсаттар қойып отыр.
Ел әлеуетін арттыру мақсатында жүзеге асып жатқан ірі бағдарламаларды әрі қарай да жалғастыру жолында Нұрсұлтан Назарбаевқа артылған үміт зор», дейді партия мүшелері.
Индира БЕГАЙДАР