«Talqylau» диалогы: Сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Talqylau» диалогы: Сарапшылар сайлау қорытындысын талқылады

23.11.2022

«AMANAT» партиясының Орталық аппаратында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Бұл жолы - сарапшылар президенттік сайлаудың қорытындысын талқылады. Онда сайлау барысында қазақстандықтардың саяси мәдениетінің өскені, халықаралық стандарттар толығымен сақталғаны айтылды. «TALQYLAU» пікірталас алаңын құру бастамасы «AMANAT»-тың кезектен тыс Съезінде партияны трансформациялау бағдарламасының бір тармағы ретінде жарияланған еді. Алаңда азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешетін ұсыныстар әзірлеу үшін сарапшылар, депутаттар, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері тұрақты түрде кездеседі.

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Егер парламенттік сайлауға 7 млн аса адам барса, мынау референдумға, президенттік сайлауға да 8 млн-нан жоғары халықтың қатысуы бүгінгі мемлекетте болып жатқан барлық саяси процестерге жалпы халықтың өзінің сенімі бар екендігін, өзінің дауысын білдіргісі келетіндігін және саяси мәселелерде өзінің нақты пікірі бар екендігін көріп отырмыз.

Азамат Бейбітұлы

Хабарламаларға жазылу