Бүгін Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенттерінен құралған «Достық» ассамблеясының мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының президент сайлауын өткізу туралы ұсынысын қолдау акциясын өткізді.
Олар саяси шара өткізу бастамасын халық мүддесіне сай келетін шешім деп санайды.
«Сайлау Қазақстан халқының бірлігін нығайтып, ел тұрақтылығы мен әлеуетінің артуына жол ашады», дейді.
Түрлі ұлт өкілдерінен құралған студенттер бұл ұсынысты бірауыздан қолдайтындарын жеткізді.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ