Бүгін Алматыда «Азаматтық процестік кодекстің жаңа редакциядағы новеллалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жаңа Азаматтық кодекс баптарын талқылауға арналған шарада Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің өкілдері жаңа құжатты таныстырды.
Бүгінде сот жүйесі сот ісін жүргізуді жеңілдету және жеделдету үшін жаңа технологиямен жабдықталып, электронды жүйеде жұмыс жүргізе бастады. Жаңа жоба Мемлекет басшысының республика судьяларының алтыншы съезінде берген тапсырмаларын және Құқықтық саясат тұжырымдамасын орындау мақсатында әзірленген.
Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ