Алматыда түрколог ғалым Шора Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда түрколог ғалым Шора Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

04.03.2015
Алматыда түрколог ғалым Шора Сарыбаевтың 90 жылдығына арналған  дөңгелек үстел өтті

Бүгін Алматыдағы Ұлттық кітапханада көрнекті түрколог ғалым Шора Сарыбаевтың 90 жылдық мерейтойына орай дөңгелек үстел өтті.

Ғалымның қаламынан туған 300-ден астам ғылыми мақала мен 20-дан астам монография - ұлт руханиятының бай қазынасы.

Академик бар күшін сарп етіп зерттеген екі саланы айрықша айтуға болады. Оның бірі - диалектология, екіншісі - тіл білімінің тарихы.

Дөңгелек үстел аясында ғалымның «Қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері» атты антологиялық еңбегінің тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Нұрлан НАУРЫЗАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу