Әуелі, 27-қаңтар күні Әсемнің омыртқасына денесін бекіту отасы жасалған. Содан соң, 29 қаңтарда бойжеткеннің жамбас сүйегі, сол және оң жақ жіліншек сүйегіне 4 бірдей операция жасалған.
Науқас әзірге аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты әрі ауыр екенін айтады.
Еске сала кетейік, 20-қаңтар күні Жамбыл облысында болған әуе апаты кезінде құтқарушыларға хабар берген Әсем Шаяхметова болатын.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ