Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға тағы үш операция жасалады (толығырақ) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға тағы үш операция жасалады (толығырақ)

30.01.2015
Ұшақ апатынан аман қалған Әсем Шаяхметоваға тағы үш операция жасалады (толығырақ)

27 қаңтарда Әсемге ең күрделі бірінші операция жасалған. Дәрігерлер оның денесінен ажырауға шақ қалған омыртқасын бекітті.

Ал, кеше бойжеткеннің жамбас сүйегі, сол және оң жақ жіліншік сүйегіне 4 бірдей операция жасалған.

Әкесінің айтуынша, Әсемнің жамбас сүйегі темір арқылы бекітілген. Соңғы үлгідегі жаңа құрал Әсемнің аяғына тез тұруына септігін тигізеді, дейді.

Ал, аяқ сүйектерін бір-біріне жалғап тұрған темір 4 айдан кейін алынады. Алдағы аптада Әсемді жеңіл-желпі тағы 3 опеарция күтіп тұр.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу