Ұлттық жерсеріктік «Отау ТВ» сандық хабар тарату желісіне – 4 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық жерсеріктік «Отау ТВ» сандық хабар тарату желісіне – 4 жыл

21.01.2015
Ұлттық жерсеріктік «Отау ТВ» сандық хабар тарату желісіне – 4 жыл

Жоба 3-4 телернаны көріп келген шалғай аймақтағы тұрғындардың үлкен сұранысына ие болып, ауыл мен қала арасындағы ақпараттық теңсіздікті жойды.

Ал, жерсеріктік желіні үйге орнату тұтынушыларға еш қиындық туғызбайды.

Телехабар тарату желісінде сигнал кабельге бағынышты емес, тікелей жерсеріктен қабылданады. Абонент бір-ақ рет шығындалады.

28 мың теңгеге орнатасыз, ай сайынғы төлем жоқ. Ал, базалық топтамада 40 телеарна және 13 радиоарна тегін көрсетіледі.

Қазір тозығы жеткен радиотелестанциялар жетілдіріліп, жаңасы бой көтеруде.

Бекітілген стратегия бойынша 2017 жылы 827 станция толық жасақталып, елдің 95 пайызы сандық хабар тарату желісіне көшуге мүмкіндік алады.

 

Айгүл ЕРМАХАН

Хабарламаларға жазылу