Павлодар облысында шаңғы спортынан жарыс өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында шаңғы спортынан жарыс өтті

15.01.2015
Павлодар облысында шаңғы спортынан жарыс өтті

Жарысқа Ақсу қаласының 500-ге жуық тұрғыны қатысты.

Балалармен қатар, жасы 70-тен асқан қариялар да шаңғы байлап, бәсекеге түсті.

Шағын шаһарда 80-нен астам астам ұлт өкілдері тұрады. Олар спорттық киімдерін киіп, мызғымас татулықты, бірлікті паш етті.

Демалыстың ең тиімді түрі - қысқы спорт түрлерімен айналысу. Сондықтан, жаңадан ашылған шаңғы базасына жергілікті әкімдік жаңа спорттық жабдықтар алған.

Ұлттық мәдени орталық өкілдері  енді демалыс сайын шаңғы тебуді дәстүрге айналдырмақ.

Зухра Рахматуллина, Татар-башқұрт ұлттық орталығының өкілі:

Ұйымдастырушыларға алғысымызды айтамыз. Бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар салауаты өмір салтын қолдайды.

Нұрлан Қасенов, спорт ардагері:

Жасы үлкендер де келіп отыр. Осыған қуаныштымыз.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу