Қысқы Олимпиада: Үш шорт-трекші ширек финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қысқы Олимпиада: Үш шорт-трекші ширек финалға өтті

11.02.2022

Бейжің Олимпиадасында үш спортшы шорт-тректен ширек финалға жолдама алды. Бәсекеде Қазақстан намысын Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов және Абзал Әжіғалиев қорғаған болатын. Іріктеу қорытындысы бойынша үшеуі де жарыстың келесі сатысына өтті.

Айта кетейік, ширек, жартылай және финалдық кезеңдер жексенбі, яғни 13 ақпанда өтеді. Ал биатлоншы Галина Вишневская-Шепоренко спринт бойынша жарысты аяқтады. Отандасымыз мәреге 52-ші болып жетті. Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасында 15 км қашықтықта жүру бойынша жарыс та тәмамдалды. Бұл санатта мәреге Виталий Пухкало 25-ші, Евгений Величко 40-шы болып жетті.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу