Шығыс Қазақстанда ауылдық округтің әкіміне халықаралық іздеу жарияланды

14.01.2015
Шығыс Қазақстанда ауылдық округтің әкіміне халықаралық іздеу жарияланды

Жалпы прокуратура органдары балық шаруашылығы саласын тексере келе бірқатар келеңсіздіктің бетін ашты.

Өткен жылы браконьерлік және заңсыз балық аулауға қатысты 28 қылмыстық іс қозғалып, 244 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мемлекетке 200 миллион теңгеден астам шығын келтірілді.

Ал, қылмыстық топқа басшылық жасаған ауыл әкіміне қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Прокурорлар «күдіктінің басқа да сыбайластары болуы мүмкін»,- дейді.

 

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу