Ардагерлер Алакөлде тегін тынығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ардагерлер Алакөлде тегін тынығады

18.08.2014
Ардагерлер Алакөлде тегін тынығады

Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы 76 ардагер Алакөл жағалауына аттанды.

Олар бұл жердегі демалыс орындарының бірінде 5 күн бойы тегін тынығады.

Тегін демалуға жолдама алғандардың ішінде аудандағы барлық 27 ауылдық округтің қазыналы қариялары бар.

Тізімге, негізінен, ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрағалары, еліміздің дамуына еңбегі сіңген қариялар, тыл ардагерлері енген.

Берік КӨШЕРБАЕВ

Хабарламаларға жазылу