ШҚО-да ауыл әкімі болуға 239 үміткер ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да ауыл әкімі болуға 239 үміткер ұсынылды

13.07.2021

Шығыс Қазақстанда ауыл әкімі болып сайлануға 239 үміткер ұсынылды. Олардың 87- сін саяси партиялар, қалғаны өзін-өзі ұсынғандар. Ауылдық округті басқаруға ниет білдіргендердің 74,5 пайызы ер адамдар, 25,5 пайызы – әйел адамдар. Ең жас кандидат – 26 жаста болса, ең үлкені 61 жаста. Қазіргі уақытта 77 сайлау округі бойынша ұсынылған үміткерлерді заңнама талаптарына сәйкестіктерін анықтау және тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Облыстық сайлау комиссиясы өкілдерінің мәліметі бойынша, бір округтен кемінде 3 адамнан ауыл әкімне үміткер ретінде шығып отыр.

Жанар Алқанова, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
94 кандидат ұсынылып отырған ауылдық округте тұрады. 130-ы сол ауданда, 14-і облыста тұратындар. Басқа өңірден қатысып отырған 1 кандидат бар, ол сол ауылдық округтің тумасы.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу