Қарағандыда шіркеуді тонағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда шіркеуді тонағандар ұсталды

13.01.2015
Қарағандыда шіркеуді тонағандар ұсталды

Қарақшылар  шіркеуге келушілерден жиналған ақша толы жәшікті ұрлаған.

Алайда, оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қылмысты иісшіл иттің көмегімен тез ашты.

25 жастағы Қарағанды тұрғыны бұған дейін де істі болған екен. Ол жасаған қылмысын мойындап отыр. Ақша толы жәшік өз орнына қойылды.

Қазір аталған факті бойынша тергеу амалдары жүруде. 

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу