Елбасы Ақордада отандық телеарналардың тілшілерімен сұхбаттасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Ақордада отандық телеарналардың тілшілерімен сұхбаттасты

22.12.2014
Елбасы Ақордада отандық телеарналардың тілшілерімен сұхбаттасты

«Ассамблея бүгінде біздің өмірімізге берік енді, өзімізді онсыз елестете алмаймыз.

Ол этникалық азшылықты ғана емес, бүкіл қазақстандықтарды біріктіреді. Біз сол арқылы түрлі мәселелерді талқылап, халықтың мұң-мұқтажын біліп отырамыз.

Сондықтан Ассамблея мемлекеттің маңызды органы болып саналады», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» айқындаған көлік мәселесіне тоқталып өтті.

«Нұрлы жол» айқындаған көлік мәселесі «Жол – экономиканың күре тамыры, адамдардың өзара қарым-қатынасы, өңірлердің орталықпен байланысы, облыстардың бір-бірімен қатысуы.

Егер бизнес Қазақстанда керек тауардың бәрін шығаратын болса, болашақта дағдарысқа қарсы негізгі шара осы болып саналады.

«Нұрлы жол» теміржол және автомобиль жолдарын, электр желілерін ғана емес, жаңа электр станцияларын, сондай-ақ тұрғын үй, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты да қамтиды», - деді Елбасы.

 

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу