Тәуелсіздік күніне орай 15 желтоқсанда Алматы қаласының Алатау ауданында «Нұр Отан» партиясының филиалы ашылды. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аудандық филиал Елбасының «Нұрлы жол» - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында көрсетілген өңірлерде партия жұмысының тиімділігін арттыру тапсырмаларын орындау шеңберінде ашылды.
«Бүгінде партияның тиімді жұмыс істеуіне Алматыда барлық жағдай жасалған. Қалада 3 аудандық филиалдың құрылысы аяқталды. 2015 жылы тағы 3 аудандық филиал ашылады. «Нұр Отан» - миллиондаған адамның басын қосқан қоғамдық институт», - деді филиалдың ашылу салтанатына қатысқан Алматы әкімі Ахметжан Есімов.