«Нұр Отан» партиясының қатарына жаңа мүшелер қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясының қатарына жаңа мүшелер қабылданды

25.11.2015
«Нұр Отан» партиясының қатарына жаңа мүшелер қабылданды
 «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңа мүшелер қабылданды


«Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов әдебиет, мәдениет, спорт және басқа да салаларда толайым табысқа қол жеткізіп, ел мақтанышына айналған тұлғаларға партиялық билеттерін салтанатты түрде табыс етті.

Партияға мүше болғандардың ішінде ұлттық поэзиямыздың көрнекті өкілі, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман, белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Серік Ақсұңқарұлы, жас ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин, көсемсөзші Ауыт Мұқибек, спорт саңлақтары – Қазақстанның ең үздік футболшылары Самат Смақов пен Давид Лория, «Түйе балуан» жарысының жеңімпазы Жұманазар Ерсұлтан, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Керімбаев, эстрада жұлдызы Маржан Арапбаева, Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының актері, ҚР Жастар одағы сыйлығының лауреаты Нүркен Өтеуілов пен БАҚ өкілдері - «Қазақстан» РТРК АҚ ұлттық телеарнасының Оңтүстік Қазақстан облысындағы филиалы – «Қазақстан-Шымкент» телеарнасының бас директоры Уәли Қыдыр мен «Қазақстан» ұлттық телеарнасы шығармашылық бірлестігінің редактор- жүргізушісі, Ирина Тен бар.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу