«Кедергісіз келешек» акциясы аясында бір топ бала EVRIKUM ғажайыптар саябағына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Кедергісіз келешек» акциясы аясында бір топ бала EVRIKUM ғажайыптар саябағына барды

20.07.2017

Шараны «Нұр Отан» партиясының Сарыарқа аудандық филиалы ұйымдастырды. Бүлдіршіндер, интерактивті-танымдық бөлмелерді аралап, ойын-сауық орталығын түгел тамашалады. Балалар қызықты шоу бағдарламаларға қатысып, естелікке суретке түсті. Әртүрлі бағыттағы мұндай қайырымдылық шаралары, ай сайын өткізіледі. Басты мақсат - жазғы демалыс кезінде балғындардың уақытын қызықты әрі тиімді өткізуін қамтамасыз ету.  

Хабарламаларға жазылу