Төтенше жағдай №3 мектеп-гимназиясының маңында болған.
Қытайлық техникадан ақау шыққан соң жолаушыларын түсіріп жіберіп, автопаркке бет алған сәтте өртене бастаған.
№13 маршруттың жүргізушісі мен кондукторы өз беттерімен 10 адамды эвакуациялап үлгерген.
Барлығы дін аман. Қазір төтенше жағдайдың себептері анықталуда.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ