Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

04.06.2020

Алматыда жолаушылар автобусы отқа оранды. Оқыс оқиға қаланың қақ ортасы - Әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысында болған. №45 бағытта жүретін автобус жүргізушісі Назарбаев даңғылына бұрылған тұста көліктің түтіндей бастағанын байқайған. Дереу жол жиегіне тоқтап, өрт сөндіру қызметіне хабарласқан. Автобус ішіндегі адамдарды шығарып жүргенде жүргізушінің оң қолы күйіп қалған. Бірақ ол ауруханаға барудан бас тартқан. Жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Өрт сөндіру бригадасы дер кезінде жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады. Қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр.


Хабарламаларға жазылу