Ақтөбеде жарты жыл бұрын жоғалып кеткен аға сержант табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жарты жыл бұрын жоғалып кеткен аға сержант табылды

24.11.2014
Ақтөбеде жарты жыл бұрын жоғалып кеткен аға сержант табылды

6 ай 10 күн бойы ұлының жолына қарайлап, «баламыз тірі келсе екен» - деп тілеген ата-ананың үміті ақталды. Бәрінен бұрын оның қыздарының қуанышында шек жоқ.

Қазіргі таңда полиция Арман Сұрағановтан осы уақыт ішінде қайда және кімдердің қолында болғанына қатысты жауап алынуда.

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің мамандары аталған факт бойынша ешқандай мағлұмат берілмейтінін айтты.

 

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу