Нигерияда 80-ге жуық оқушы қыз құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нигерияда 80-ге жуық оқушы қыз құтқарылды

22.02.2018

Нигерияда «Боко Харам» тобының шабуылынан кейін жоғалып кеткен 111 қыздың 80-ге жуығы табылды. Бұл туралы «CNN» телеарнасы хабарлады. Оның мәліметіне сай, қыздар Борно және Йобе штаттарының шекарасынан қайтарылған. Тағы бір ақпаратқа жүгінсек, радикалдық топтан 76 қыз құтқарылса, екеуінің денесі табылды.

Нигерияның солтүстік-шығысында бір ауылдағы 11 жасқа дейінгі қыздар оқитын мектепке «Боко Харам» ақпанның 19-да шабуыл жасаған. Оқушылар сол кезде жоғалып кетті. Ал, осыдан екі жыл бұрын экстремистік топ елдің Чибок ауылына баса-көктеп кіріп, 276 қызды ұрлап әкеткен еді. Олардың 100-ге жуығының тағдыры әлі күнге дейін белгісіз.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу