Басты Жаңалықтар Павлодарда пәтер ішінен 5 мәйіт табылды

Павлодарда пәтер ішінен 5 мәйіт табылды

Павлодарда пәтер ішінен 5 мәйіт табылды

Павлодардағы көпқабатты үйлердің біріндегі пәтерден 5 бірдей адамның мәйіті табылды.

Үшеуі ересек адамдар, ал екеуі 12 жастағы шамасындағы қыз бала мен 6 жасар ұл. Олардың анасы буындырылып өлтірілген. Басқаларына бірнеше жерден пышақ салынған.

Алдын ала дерекке қарағанда, пәтер ішінде жан түршігерлік арпалыс болғанға ұқсайды.

Себебі, 5 бірдей адамның өліміне қатысы бар күдіктінің өзі де жараланған. Ол пәтер ішінде қансырап жатқан күйінде ұсталған.

Полицияның мәліметі бойынша, күдікті мен қайтыс болған адамдар бір-біріне туысқан. Қанды оқиғаны полицияға марқұм болған жандардың туыстары хабарлаған.

 

Болат АМАНБАЕВ

Бөлісу