Ақтөбеде жоғалып кеткен 5 жасар баланың мәйіті табылды. Темірлан Сәндібаевтың денесін саяжай тұрғындары жергілікті саябақтағы өзеннен тапқан.
Баланы іздеуге полицияның 1500 қызметкері, 800 студент және 100 әскери қызметкер жұмылдырылған. Полицейлер оның үстінде жоғалған күні болған киім екенін анықтады.
Қазір адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.