Түркістан облысында 5 жасар бала суға батып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында 5 жасар бала суға батып кетті

18.03.2024

Түркістан облысының Келес ауданында 5 жасар бала суға батып кетті. Бүлдіршінді алдымен ата-анасы демалыс күні жоғалып кетті деп полицияға хабар берген. Біртілек ауылының тұрғындары суару каналының жағасынан баланың аяқ киімін тауып алған еді.

Осыдан кейін сүңгуірлер шақыртылып, олар күндіз-түні іздеді. Іздеу жұмыстарына жүзге жуық төтенше жағдайлар қызметкері мен тәртіп сақшысы, жергілікті тұрғындар және әкімдік қызметкерлері жұмылдырылды. Жоғалған баланың денесі үйінен 2 шақырым қашықтан табылды.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу