Оңтүстік Қазақстан облысында із-түссіз жоғалғандар өлі күйінде табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Қазақстан облысында із-түссіз жоғалғандар өлі күйінде табылды

21.04.2016
Оңтүстік Қазақстан облысында із-түссіз жоғалғандар өлі күйінде табылды
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы із-түссіз жоғалып кеткен 6 жасар қыз бен 56 жастағы әйелдің бүгін өлі денесі табылды.
Оларды іздеу үшін төтенше жағдай қызметі, полиция, ауыл азаматтарынан арнайы топ жасақталды.

Бүгін тағы ұлттық гвардия сарбаздары да жұмылдырылды. 400-ге жуық азамат пен арнайы техниканың арқасында олардың мәйіті бүгін түс ауа Түлкібас темір жолы бекетіне жақын маңдағы Қарақуыс шатқалынан табылған. Қазір оқиға орнында аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу