Стадионның қақпасын құрылыс нысаны жауып тастады

Семейдің сол жағалауда орналасқан стадион әкімшілігі қиын жағдайға тап болып отыр. Өйткені, спорттық нысанға жапсарлас жерге кәсіпкерлердің бірі құрылысты бастап кеткен.
Салынып жатқан нысан стадионның қақпасын жауып қалған. Спорттық нысан басшылары, кәсіпкерге батып ештеңе айта алмай отыр. Өйткені оның қолында барлық қажет құжаты бар.
Жергілікті кәсіпкер стадион сыртындағы жер телімін амалын тауып рәсімдеп алған. Енді қақпаға тіреп тұрып көлік жөндеу бекетін салып жатыр.
Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі де бұл мәселеден хабардар. Алайда, ешқандай шара қолдана алмаймыз, дейді. Себебі, стадион тұсындағы жер учаскесі қаланың бас жоспарына енбей қалған. Сондықтан қате рәсімделіп кетуі мүмкін, деген жауап айтты.
Ержан ЖАҚЫП
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астана «OTBASY FEST» фестивалі өтті
15.09.2025, 10:22

Студенттер Еуропада өткен чемпионаттан 7 медаль жеңіп алды
15.09.2025, 10:19
Түркияда ондаған мың адам шеруге шықты
15.09.2025, 10:17
М. Рубио Израильдің Қатарға шабуылын сынға алды
15.09.2025, 10:15
ІІМ жолда бақылауды күшейтті
15.09.2025, 10:13
Астанада бірқатар мекеменің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 10:12
Алматыда жаңа инвестициялық кезең басталса, жұмыс орындары ашылады
15.09.2025, 10:09
Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы бірінші орын алды
15.09.2025, 10:07